«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ: ҮМІТ ПЕН КҮДІК

Бабаларымыз “Егемен болмай ел болмас” деп жырлаған екен. Бүгінде, Құдайға шүкір, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді. Өшкені жанды, өлгені тірілді. Алайда, еліміздегі демографиялық ахуал әлі де болса көңіл көншітер емес. Әсіресе, солтүстіктің қақпасы саналатын, елдің шетінде, желдің өтінде тұрған біздің өңірде бұл мәселе ушығып тұр. “Ғасырға жуық уақыт десі басым державаның дегенімен жүрген елдің демографиялық ахуалы қайдан оңсын?!” дейсің кейде. Бірақ одан кейін де ширек ғасырдан астам уақыт өтті емес пе?


Қилы заман зардаптары

Тарихқа сәл шегініс жасап, еліміздегі де­мо­­графиялық ахуалдың қалай өрбі­геніне көз жүгіртіп көре­лік. 1897 жылы патша өкі­меті жүр­гізген санақта қазақ­тың саны 4,3 миллион бол­ған екен. Арада жиырма жылға жетпей­тін уақытта қазақ халқы бір жарым есе көбейіп, 5,5 миллионнан асып түсіпті. Қазақстанның демография ғылымының негізін салушы марқұм Мақаш Тәтімов айт­қандай, сол бетімен қазақ аман болып, табиғи жолмен өсе берсе, тоқсаныншы жылдардың өзінде 20 миллионға жуықтап қалар ма едік?! Алайда, адамның дегені болмайды ғой. Ел басына қара бұлт үйіріліп, қайғылы тағдыр кешкен кезең басталды. 1931-1932 жылдардың нәубетінде халықтың жартысына жуығы аштан қырылды, басқа елге бас сауғалады, бір сөзбен айтқанда, ормандай оталды. Жарты ғасырға жетпейтін уақытта қазақтар екі еседен астамға азайып, 2,3 мил­лион ғана қалыпты. Одан кейін де елдің аузынан ақ май аққаны шамалы. Ұлы Отан соғысында орыс­тар мен украиндардан кейін­гі боз­дақтарынан ең көп айы­ры­лған халық тағы да қазақ.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің 2019 жылғы №101 санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp