«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

– Ата-анамыз түнде тырнақ алма деп жатады. Шариғатта тырнақ алудың белгілі бір уақыты белгіленген бе?

Бақытжан ІЗБАСАРОВА,

Шал ақын ауданының тұрғыны.

Оқырман сауалына Петропавл қалалық “Нұр” мешітінің наиб имамы Зиятбек Наржігітов жауап береді:

– Тырнақты аптаның қай күні алам десеңіз де, өз еркіңіз. Бірақ жұма күні намазға дейінгі уақыт ішінде тырнақ алуды әдетке айналдыру – мұстахаб (ұнамды). Олай болған себебі, хадисші Бәйһақи кітабында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жұма күні намаздан бұрын тырнағын алып, мұртын қысқартатындығы айтылады. Бір риуаятта: “Кім жұма күні тырнағын алатын болса, келесі жұмаға дейін және оған қосып тағы үш күн Алла оны бәле-жаладан сақтайды”, – делінген. Абзалы аптасына бір рет алып тұрған жөн. Ал қырық күннен асып кетсе, онда харамға жақын мәкрүһ. Тырнақ өсіру жеке бастың тазалығына қайшы келеді. Ол арқылы адам ағзасына түрлі микробтардың түсуі мүмкін. Осыны ескерген ардақты Пайғамбарымыз тырнақ өсіруді құптамаған. Бұған байланысты Әбу Әйюб әл-Әзди былай дейді: “Пайғамбарымызға бір кісі келіп көктен келетін хабарды сұрады. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.у.): “Біреулер келіп көктегі хабар жайында сұрап жатыр. Тырнағы кірге толы, құстың тырнағы сияқты өсіріп алыпты”, – деп ескерту жасаған”.

Тырнақ алу әдебі бойынша әуелі оң қолдың сұқ саусағынан бастап, ретімен ортаңғы, аты жоқ және шынашақ, ең соңында бас бармағының тырнағы алынады. Сол қолы шынашағынан бастап, ретімен бас бармағының тырнағын алумен аяқталады.

Аяқ тырнақтарын оң аяғының кішкентай башпайынан бастап, ретімен алады. Ал сол аяғының тырнағын, керісінше, үлкенінен бастап, кішкентай башпайымен аяқтайды. Тырнақты тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында алуға болады. Шариғатта түнде тырнақ алуға болмайды, деген тыйым жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp