«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ЕҢБЕК – ЕГІЗ ҰҒЫМ

“Жастар бастамалары орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Петропавл қаласының орталығына шығып, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Шара “Жастар саламатты өмір салты үшін” деп аталды. №1 қалалық емханадан келген медициналық қызметкерлер ауру-сырқаулар жайында ақпараттық бүктемелер таратты.

Медициналық қызметкерлерге қан қысымын, қан құрамындағы қант пен холестериннің мөлшерін әркім өлшете алды.

Жастарға сол жерде жұмысқа тұру жөнінде кеңес те берілді. Орталықтың жұмысқа орналастыру бойынша нұсқаушысы Алексей Тетерин оқуды енді аяқтаған жас мамандарға қаладағы бос жұмыс орындары жөнінде айтып, кеңес берді. Сол арқылы шараны ұйымдастырушылар екі бірдей істі тындырды. Жастарды өз денсаулықтарын жіті бақылауда қалай ұстауға болатындығын көрсетіп, жұмысқа да орналасуға көмектесті.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp