
Оқушылар сайрайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі облыс таңдаушыларының бірлескен отырысы өтті. Оған барлық деңгейдегі мәслихаттардың 194 депутатының 187-і қатысып, өз таңдауларын жасады.
Парламент Сенаты депутатын сайлауға байланысты хабарлама жасаған облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшенов Қызылжар өңірінен Сенат депутаттығынан үміткер болып тіркелген 3 кандидаттың біреуі өз кандидатурасын алып тастағанын хабарлады. Осыған байланысты таңдау «Nur Otan» партиясының мүшелері, өзін-өзі ұсынушылар – Ольга Перепечина мен Данголе Могунованың арасынан жасалды.
Бұл жолы әдетегідей жасырын дауыс беру кабиналары болған жоқ. Халық қалаулылары арнайы жасақталған үстелдерге барып, өз таңдауларын жасады. Еліміздегі пандемияға байланысты таңдаушыларды тіркеу және дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару Орталық сайлау комиссиясының онлайн бақылау сервистерінің көмегімен жүргізілді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін облыстық сайлау комиссиясының төрағасы санақ қорытындысын жариялады. Таңдаушы мәслихат депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде Сенат депутаттығына үміткер Ольга Перепечина таңдаушылардың 162 (87,57 пайыз) дауысына ие болса, Данголе Могунова 23 (12,43 пайыз) дауыс жинады. Екі бюллетень жарамсыз деп танылды. Дауыс беру нәтижелері хаттама негізінде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Жиын соңында сөз алған Ольга Валентиновна өзіне жоғары сенім білдірген солтүстікқазақстандық депутаттарға алғысын жеткізіп, жүктелген жауапкершілікті ақтауға тырысатынын айтты.