Алдыңғы толқын ағалар мен көнекөз қарияларымызды қолдауға бағытталған шаралардан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары да шет қалып отырған жоқ. Олар айлық барысында қарттарға 5 миллион теңге сомасында материалдық көмек көрсетті.
Қайырымдылық астар, азық-түлік пакеттерін тапсыру, материалдық көмек көрсету сияқты іс-шараларды облыстық мәслихат депутаттары да ұйымдастырды. “Прометей Агро” ЖШС директоры Ю.Шоль (Есіл ауданы), “Бабық Бұрлық” ЖШС директоры С.Махметов (Айыртау ауданы), “Племзавод Алабота” ЖШС директоры Е.Алпысов (Тайынша ауданы), “Основание” ЖШС директоры С.Тимофеев және басқа да халық қалаулылары белсенді қатысып, алдыңғы толқынға деген ілтипатын білдіруде. “ПАМЖЗ” АҚ бас директоры Қ.Бишімов облыс орталығындағы асырауында балалары бар мүгедек әйелдердің “Асыл Ана” қоғамдық бірлестігінің есепшотына 100 мың теңге аударды. Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты А. Рафальский медициналық мекемеде “Ашық есік күнін” ұйымдастырды, 200-ден астам адамға материалдық көмек көрсетілді. Кәсіби ақыл-кеңеспен қатар, бірнеше зейнеткерге тонометр сыйға берілді.
Жалпы шара аясында барлық аудандарда жоспарлы мерекелік іс-шаралар өткізіліп, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жалғыз тұратын қарттар мен қариялар ерекше қамқорлыққа алынды. Зейнеткерлерге мерекелік дастарқан жайылып, көп жылғы қажырлы еңбектері үшін Алғыс хаттар табыс етілді. Облыс орталығы мен елді мекендердегі жеке шаруашылықтар басшылары, медицина және басқа сала қызметкерлері қолдан келгенше қарттарға қамқорлық көрсетуде.
Зурәш АХМЕТОВА,
облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.