«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Деректер мен дәйектер

Алдын ала деректер бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға облыста 25 мыңнан артық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметін белсенді жүзеге асырды. Жыл ішінде белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5,9%-ға ұлғайды.

2014 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта кәсіпкерлік саласында 103 мың адам жұмыспен қамтылған.

2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 295 млрд. теңгеге жуық өнімін шығарды, оның жартысынан артығы (71,3%) шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына келеді. Өнім шығару көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 3,5% ұлғайды.

* * *

Наурызда біздің облыста күн-көрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 16 500 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 9 900 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6 600 теңгені құрады.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 13 139 теңге, жасөспірімдер үшін – 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 20 856 теңге және (қыздар) – 15 979 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы халық үшін – ер адамдар – 19 667 теңге және әйелдер – 15 622 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 15 441 теңге.

Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 16 610 теңгені, Петропавл қаласы бойынша 16 303 теңгені құрады.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp