2014 жылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық нақтылы еңбекақысы 82588 теңге болды. 2013 жылғы қыркүйек айында нақтылы еңбекақы индексі – 108,2%-ды, нақты еңбекақысы 100,1%-ды құрады.
Облыс аудандары ішінде ең жоғары еңбекақы Ғ.Мүсірепов атындағы (85099 теңге) және Тимирязев (76217 теңге) аудандарында тіркелді. Тайынша (73692 теңге) және Қызылжар (73591 теңге) аудандарында еңбекақы біршама төмен.
Облыс аудандары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылықтарындағы ең жоғары еңбекақы – Тимирязев (110828 теңге), Жамбыл (114510 теңге) аудандарында. Көлік және қоймалаудағы ең жоғары төлемақы – Ғ.Мүсірепов атындағы (115724 теңге) және Қызылжар (129232 теңге) аудандарының қызметкерлерінде.
* * *
Жалақының ең көп мөлшерлері көлік және қоймалау (119172 теңге), ақпарат және байланыс (133420 теңге) қызметтерінде байқалып отыр, ол облыстың орташа көрсеткішінен сәйкес түрде 1,4 және 1,6 есе жоғары.
Білім (63094 теңге), өнер, ойын-сауық пен демалыс (50662 теңге) қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысы облыстың орташа көрсеткішінен 23,6% және 38,7% төмен болды.
Облыстық статистика департаменті.