«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Деректер мен дәйектер

2015 жылдың қаңтар-маусымының қорытындысы бойынша облыс тұрғындарының табиғи өсімі 606 адамды құрады, ол 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2 пайызға жоғары.

2015 жылғы 1 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны 570,8 мың адам болды, оның 246,3 мыңы (43,2%) – қалалық, 324,5 мыңы (56,8%) ауылдық жерде тұрады.  

2015 жылғы қаңтар-маусымда облыста 4034 жаңа туған сәби тіркелді. Туғандардың 2093-і – ұл бала, ал 1941-і – қыз бала. Барлық туғандардың 1639-ы (40,6%) облыс орталығында дүниеге келгендер.

2015 жылғы қаңтар-маусымда 1576 неке тіркелді немесе 1000 адамға шаққанда 5,6 некеден. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген некелердің саны 11,2%-ға кеміді.

2015 жылғы қаңтар-маусымда 996 неке бұзылды, ол 2014 жылғы сәйкес кезеңнен 1,6%-ға кем.

 Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp