«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕР КЕЗІНДЕГІ КӨМЕК

Түнгі сағат бір шамасында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөліміне “Петропавл-Жезқазған” тасжолындағы Нежинка ауылының маңында ауа райының қолайсыздығынан қалааралық автобустың істен шығып, тұрып қалғаны, оның ішінде жиырма шақты жолаушы бар екені туралы хабар келіп түскен.

Петропавлдан Қостанайға бағыт алған автобус қатты желдің кесірінен тоқтауға мәжбүр болған. Автобустағы жолаушылардың екеуі 4 пен 6 жастағы балалар екен. Жедел көмектің арқасында жолаушылар Нежинка орта мектебінің ғимаратына орналастырылып, келесі күні таңғы астарын ішкеннен кейін жөнделген автобуспен сапарларын жалғастырды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp