«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДИМАШТЫҢ КЕЛЕСІ КОНЦЕРТІ АМЕРИКАДА ӨТЕДІ

Биыл күзде Нью-Йорктегі әйгілі «Madison Square Garden» алаңында әнші Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы   хабарлады.

Қазақ мәдениеті пен өнерін танытуда Димаш Құдайбергеннің орасан зор жетістіктері барша халықты қуантады. Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың әлемдегі жанкүйерлері артып келе жатқанын атап өтті.

«Димаш Құдайберген әлемді өз өнерімен тамсандырып, тыңдармандардың жүрегін жаулап алды. 2018 жылдың 19 қарашасында министрлік Лондонның «Indigo at the O2» ең үлкен сахнасында Димаштың жеке концертін ұйымдастырды. Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі 2019 жылдың III тоқсанында Нью-Йоркте әлемге әйгілі «Madison Square Garden» алаңында Димаш Құдайбергеннің айрықша шоу-концертін өткізбек. Бүгінгі таңда аталған шоуды ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті», — деді министр.

www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp