Облыс орталығында әуесқой командалар арасында футболдан қала кубогы аяқталды.
“Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған сайысқа 18 команда қатысып, 7 айдың ішінде 240 ойын өткізілді.
Өңірде футбол қозғалысын өрістетуді көздеген спорттық сайыстың ақтық ойынында “Әділет” пен “Динамо” командалары кездесті. Ойынның екінші бөлігінде динамолықтар қарсыластың қақпасына жауапсыз үш доп соғып, біріншіліктің жеңімпазы атанды.
(Өз тілшіміз).