«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДИРЕКТОРДЫҢ ТАРТУЫ

Ақжар ауданындағы Дәуіт ауылында жаңа спорт алаңы ашылды. Нысанның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Серікбай Тұралинов “Дәуіт-Астық” ЖШС-і спорт алаңының құрылысы мен оның жабдықтарын сатып алуға 10 миллион теңге жұмсағанын атап көрсетті. Аталмыш шаруашылық директоры Болат Әубәкіров бұл алаңның бұдан былай дәуіттіктердің бос уақытын өткізетін сүйікті орнына айналатынына сенім білдірді. Жаңа спорт алаңы ауыл мектебіне тарту етілді.

– Болат Әубәкіровтің туған ауылына жасаған бұл сыйлығы бәрімізді қуантты. Ол Елбасының саясатын қолдап, әсіресе, жас буынның саламатты өмір салтын ұстануына нақты іспен ықпал етіп отыр. Осындай елін сүйген ұлдарымыз көбейе берсін! – деді еңбек ардагері Сабыр Қайырнасов.

Болат ӘМІРИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp