Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылдық кітапханасының және Мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесіп, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай мерекелік концерт өткізді.
Сала қызметкерлерін ауылдық округ әкімі Данияр Әбутәліп, жергілікті “Вика” шаруа қожалығының басшысы Василий Гладких құттықтады. Концерттік шарада жергілікті “Үміт” вокалдық ансамблі, “Селянка” балалар вокалдық ансамблі, “Веселые нотки”, “Ритмы детства” би ұжымдары, сондай-ақ, Пресновка ауылдық клубының әншілері өнер көрсетті.
“Қызылжар-Ақпарат”.