«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОНОР БОЛУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?

Адам ағзасын ауыстыру ме­дицина саласының ең ірі жетіс­тігі болып саналады. Бүгінде әлемнің озық мемлекеттерін­де дене мүшесін транспланта­циялау кеңінен дамыған. Біздің елімізде де ағза ауыстыру сәт­ті жүргізілуде. Десе де, ағза ал­мастыруды қажет ететін нау­қастарға донор тапшы. Өйт­кені, бұған жұртшылық тара­пынан үрке қарайтындар көп. Жалпы, ағзаны транспланта­ция­лауға, соның ішінде мәйіт до­норлығына қоғамның көзқа­ра­сы қандай? Осы мәселе тө­ңірегінде тұрғындар арасында сауалнама жүргізген едік.

Азамат СӘРСЕНОВ, діни қыз­мет­кер:
– “Доно” – латын тілінен аудар­ғанда “сый­лаймын, құрбан етемін” деген мағы­наны білдіреді. Әрбір дерттің өз шипасы бар. Асыл дініміз емдеу жолдарын іздеуді қолдайды. Ислам діні де адамды құтқаруды, көмек беруді құптайды. Сондықтан шариғат­та донор болуға рұқсат берілген. Бі­рақ адам ағзасын саудаға салуға, бизнес көзіне айналдыруға бол­май­ды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) адамдардың іс-әрекеттері олардың ниеттеріне қарай бағаланады де­ген. Ал сау ағзаны мұқтаж адамға бе­ру тәуекел ғана емес, үлкен са­уап екенін айтқан жөн.
Қырмызы ҚҰРМАНҚЫЗЫ, жас маман:
– Мен мәйіт донорлығына қар­сы­мын. Бұл – біздің қоғам үшін жат құбылыс. Бәлкім, бірнеше жылдан кейін мәйіт донорлығына етіміз үй­реніп кететін шығар. Жалпы, еліміз­де “ке­лісім презумпциясы” бар еке­нінен хабардармын. Яғни, адам өз еркі бойынша алдын ала емханаға ба­рып, донор болуға келісім құжа­тына қол қойса, көз жұмған соң оның ор­гандары трансплантацияға алы­на­ды. Бірақ кейде қайтыс бол­ған адам­дардың туған-туыстары мұн­­дай қайырымдылыққа қарсы. Өйт­кені, біздің қоғам донор болуға да­йын емес. Кейде адамдар мате­риал­дық жағдайын жасау үшін де­не мүшесін ақшаға саудалайды. Он­дай адамдарды мүлде түсінбеймін.
Гүлім КӨПЖАСАРҚЫЗЫ, көпбалалы ана:
– Ағза трансплантациясына қар­сы емеспін. Егер қайтыс болған адам донор болуға алдын ала рұқ­сат берсе немесе туған-туыстары қарсылық танытпаса, мәйіттің сау ағзасын мұқтаж жанға беру ізгі амал деп ойлаймын. Қайтыс бол­ған адамның мүшелерін транс­план­та­циялау арқылы бір емес, бір­неше сырқаттың өмірін құтқарып қа­луға болады. Адамдар бір-біріне қол ұшын созса, несі айып? Бүгінгі таң­да донор тапшылығын ескер­сек, қоғамды қайырымдылыққа тәр­биелеудің маңызы зор.
Сауалнаманы жүргізген

 

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,  “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp