Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы тыйым салынған препараттар қолданған спортшылар мен бапкерлерді тергеді.
Тыйым салынған препаратты қолданған спортшылар қатарына Аружан Қолбай (Алматы), Гүлдана Жүніс (Алматы), Асылжан Бектай (Қызылорда обл.), Алишер Сейтқазы (Алматы), Ерасыл Кеңесбаев (Алматы), Максим Ню (Шымкент) және Тимур Хасаров (Алматы обл.) кірді. Бұл спортшылар екі жылға дейін ауыр атлетикадан шеттетілді.