Мен Қуандықпен Жамбыл ауданына қарасты Баян ауылында бірге өстім. Үйіміздің арасында үй болмайтын. Ата-анасы оны еркелетіп, Қуантай дейтін. Біз де солай атайтынбыз. Мектептің бірінші сыныбына бірге бардық.
Ол жастайынан алғыр болды. Мен сияқты өзге де татар балаларымен қоян-қолтық араласа жүріп, ана тілімізді жетік меңгеріп алғандығы сонша, үлкен кісілердің өзімен татар тілінде еркін әңгіме-дүкен құратын. “Татарша жырла!” десек, еш тартынбайтын.
Тай-құлындай бірге өскен балалардың арасында ұйытқымыз да, ұйымдастырушымыз да Қуантай еді. Есейіп, әрқайсымыз әр жерде өмірдің түрлі саласында қызмет етіп жүргенімізде басымызды жиі қосатын.
Равиль ФАТХИСЛАМҰЛЫ,
досы.