«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОСТЫҚПЕН НҰРЛАНҒАН ЖОЛ

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыс әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Үлкен ел – үлкен отбасы” акциясы біздің өңірімізде де бастау алды.

Жалпыұлттық жоба – Елбасы ұсынысымен қолға алынған тың бастамалардың бірі. Мұндағы мақсат – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы беделін арттыра отырып, еліміздегі ұлт пен ұлыстардың ауызбіршілігін нығайту.

Акцияның ашылу салтанатында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы филиалы төрағасының орынбасары Наиль Салимов сөз алып, еліміздің ширек ғасыр ішінде жүз жылға бергісіз жолды жүріп өткенін, мұның бәрі татулық пен бірліктің жемісі екенін және жалпыұлттық жобаның мән-маңызын ерекше атап өтті. Шара барысында Достық үйінің жанындағы этно-мәдени бірлестіктерге мүше өзге этнос өкілдерінің жастары да сахна төріне шығып, игі лебіздерін жеткізді. “Асыл мұра” орталығының жетекшісі Таңат Сүгірбаев, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Григориий Кухарь және “Лад” славян қоғамдық орталығы басшысының орынбасары Раиса Полищук өз сөздерінде тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін айтып, жастарды оның қадірін жете түсінуге шақырды.  

(Өз тілшіміз).

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp