«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОСТЫҚТА ШЕКАРА ЖОҚ!

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы “Скиф” қонақүйінде Ресейдің Қорған облысынан келген делегацияның қатысуымен достық кешін өткізді. Бұл шара екі елдің бірлескен “От соседства к добрососедству” жобасы шеңберінде жүзеге асып отыр.

Өнер мен білімде шекара жоқ! Осындай ұранмен ұйымдастырылған кеште екі елдің өрендері өз өнерлерін ортаға салып, түрлі салада қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Мәселен, қолөнер бағытындағы түрлі байқауларда жеңіске жеткен петропавлдық Анастасия Эйснер кеш қонақтары алдында табысты болудың қыр-сырын жайып салды. Оның мүмкіндігі шектеулі болғанымен, қолөнер саласындағы тырнақалды жобалары сұранысқа ие болып отыр.
“Жұлдыз” балалар қоғамдық бірлестігі одағының төрағасы Александр Штроның айтуынша, аталмыш шара бірнеше күнге жоспарланған. Ресей делегациясы демалыс күндері қаламыздың көрікті жерлерін аралап, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді танытатын түрлі шараларға қатысты. Соның бірі әл-Фараби атындағы мектеп-лицейде өтті. Жоғары сынып оқушылары Адина Айдарбекова мен Саят Омаров қонақтарға ұлттық ойын түрлері туралы ақпарат беріп, өз мектептері бойынша экскурсия жүргізді. Халықаралық өңіраралық жастар ынтымақтастығын кеңейту, тату көршілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында орын алған шара “Жастар жылы” аясында жүзеге асып отыр. Оның барысында жас буын алдында тұрған міндеттер талқыланып, түрлі саладағы мамандар өрендерге мақсатқа жету жолдарын түсіндіретін болады. Сондай-ақ мұнда жастар бастамаларына тең және қолжетімді жағдай жасау мәселесі де қарастырылады”, – деді Қорған облысының “Открытый мир” балалар қоғамдық ұйымының төрайымы Людмила Беличева.
Сапардың соңғы күні екі ел жастары бірігіп, Корней Чуковскийдің “Крокодил” атты ертегісін сахналайтын болады.  

Сурет http://zauralonline.ru сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp