«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН ОЙЫНДАР

Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының этномәдени бірлестіктері “Ұлт рухы” шарасына белсене қатысты. Қонақтардың назарына түрлі этнос өкілдерінің дәстүрлі ойындары ұсынылды.

Поляктардың “Коперник”, бе­ла­рустардың “Рад­зiма” және “Дус­лык” та­тар-башқұрт этномә­дени ор­талықтарының өкілдері түр­лі ойын­дар арқылы ұлттық ерек­ше­лік­терін насихат­тап, ере­сектер мен балалар көңіл көтеріп, уақыт­ты қызықты өткізді. Ал “Қа­зақ­стан­ның орыс қауымдастығы” қо­ғамдық бірлестігі ұйымдас­тыр­ған “Тақтайшалар” ойыны зейін­ділік, жылдамдық пен жинақы­лыққа негізделсе, украин мәдени орта­лығы қатысушыларды ортақ шең­берге біріктірді.

– Қалыптасқан дәстүр бойын­ша біздің орталық “Ұлт рухы” ша­расына жылда белсенді қатыса­ды. Әр жыл сайын жаңа ойын ұсынуға тырысамыз. Бүгін біз “Веточка” ойынын ойнадық. Бұл ойынға украиндармен бірге орыс, беларус, армян, поляк, татар мен тағы басқа этнос өкілдері қа­тыс­ты. Біздің отбасымызда украин дәстүрін құрметтеуге ерте жастан баса көңіл бөлінеді. Үйде ғана емес, табиғат аясында да украин ойындарын ойнағанды ​​жақсы кө­реміз. Ойын арқылы адамды жа­ңа қырынан тануға болады. Сон­дай-ақ ойын барысында біз әр эт­ностың мәдениетімен, озық дәс­түрлерімен танысамыз. Ал этнос­тардың осындай өзара сыйлас­тығы – тұрақтылық пен жарқын бо­лашақ кепілі екенін айтқым келе­ді, – дейді “Солтүстік Қазақстан облысының украин мәдени орта­лығы” қоғамдық бірлестігінің же­тек­шісі Дмитрий Пытьев.

Іс-шара соңында “Қоғамдық келісім” КММ-нің жетекшісі Ди­нара Оразбаева қатысушыларға ризашылығын білдіріп, этно­мә­дени бірлестіктердің өкілдеріне Алғыс хаттар мен естелік сый­лықтар тарту етті.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp