«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОСТЫҚҚА АДАЛ, СЕРТКЕ БЕРІК ЕДІ

Өткен шақпен сөйлеу қандай қиын десеңші! Әсіресе, құлынтайдай тебісіп, бірге күліп-ойнап жүрген замандастар жайлы айту жүрек сыздатады. Назекеңді, Назымбек Кенжебайұлын білетін адамдар үшін оның орны бөлек болатын. Биязы мінезі, байсалды болмысы, білімділігі, қарапайымдылығы, есте сақтау қабілеті, жадының мықтылығы бәрімізге үлгі еді. Оның еш уақытта дауыс көтергенін, біреуге қатты сөз айтқанын естімеппіз. Жанарынан жылылық, жүзінен шуақ шашып тұратын.  Бақилық болып кеткеніне көңіл құрғыр сенбей, ақжарқын қалпы арсалаңдап келіп қалатындай елегізисің. Бір күн хабарласпасақ ішкен асымыз бойымызға қонбайтын. Көптен бері телефон да мелшиген қалпы, үнсіз. Жападан-жалғыз күн кешкен меңіреу жандайсың. Атқан оқтай, шапқан аттай ұшқыр уақыт қырық күнді лезде артқа тастап, жер бесікте мәңгілік ұйқыға кетіп, дамылдап жатқан абзал азаматты арамыздан алып кеткенін енді ғана сезінгендей, көкірегіміз қарс айрылады. Өксік аралас көздің жасы жанарды шылайды.

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ.

Мақаланың жалғасын газетіміздің 27 шілде күнгі №86 санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp