«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОСТЫҚ ДӘРІПТЕЛГЕН КҮН

Қазақстан Халқының тілдері күніне орай Заречный кентіндегі «Көктем» балалар мен жасөспірімдер орталығында “ЕС-164/3″ мекемесінің жеке құрамы арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты дәстүрлі шара өтті. Байқауға үш құрама команда қатысып, татар, өзбек, украин халықтарының тарихын, салт-дәстүрін, өнері мен киім үлгілерін насихаттады.

Сонымен қатар, сайыскерлер әр этностың табиғи болмысына сай әзіл-сықақтар, сахналық қойылымдар дайындап келіпті. Олар ән-билерімен де көрермендердің көңілінен шықты. Украиндардың «Гопак», татарлардың “Рузалия” билерін түзеу мекемесінің қыз-келіншектері нақышына келтіре орындады.  

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға өзбек этносының өкілдері – жеке құрамның режім және дәрігерлік бөлімдерінің сайыскерлері лайық деп танылды. Ал украин халқының киім үлгісі мен әндерін әуелетіп, биін орындаған жедел топ қызметкерлері және қаржы бөлімдері екінші орынды иеленді. Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмыстары және арнайы есеп бөлімдері татарлардың құндылықтарын насихаттап, 3-орынды жеңіп алды.

Евгения КЛЕПИКОВА,

“ЕС-164/3” мекемесінің

кадр жұмысы бөлімінің жетекшісі,

әділет капитаны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp