«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДУАЛДЫҚ ОҚЫТУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов өткізген кеңесте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында дуалдық оқыту жүйесін дамыту, колледждерді бизнес субъектілеріне сенімді басқаруға беру туралы мәселелер қаралды.

– Еліміздің экономикасын дамыту үшін білікті және бәсекеге қабілетті мамандар қажет. Оқу орнын аяқтаған маман жұмысқа бірден кірісіп кетуі үшін оқу үдерісі мен тәжірибені қатар жүргізу мәселесі аса маңызды. 2020 жылға дейін техникалық және кәсіптік білім беру орындарының 50 пайызында дуалдық оқыту жүйесі енгізілуі қажет, – деген облыс әкімі Ерік Сұлтанов кәсіптік-техникалық білім берудің құрылымы мен маз-мұнын ел экономикасының индустриялық-инновациялық даму сұранысын ескере отырып, құру қажеттігіне тоқталды. Дуалдық оқыту жүйесіне көшу кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады, өйткені олар толығымен жұмыс берушінің талаптарын орындайтын болады, қаржыландырудың қосымша көзін тартады.

Білім басқармасының басшысы Шолпан Каринованың айтуынша, үстіміздегі оқу жылында 9 колледжде дуалдық оқыту жүйесі енгізіліп, көлік, машина жасау, құрылыс, қызмет көрсету, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты салаларда 17 мамандық бойынша кадр даярланбақ. 2015-2017 жылдары облыстың жетекші кәсіпорындары негізінде оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қысқамерзімді оқытудан өтпек. Дуалдық оқыту жүйесі бойынша колледждер 44 кәсіпорынмен келісім жасаған.

Дуалдық оқыту жүйесін өздерінде енгізген білім ошақтарының басшылары кәсіпорындармен бірлескен жұмыс өз жемісін беріп келе жатқанын тілге тиек етті.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов білім басқармасының басшысына мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен, кәсіпкерлер палатасымен және басқа да мүдделі органдармен жұмысты одан әрі үйлестіріп, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жасауға жұмыс берушілерді, колледждердің материалдық-техникалық базасын дамыту мен оқу үдерісін ұйымдастыруға шағын және орта бизнес субъектілерін тартуды тапсырды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp