
“Жаңа жол” бекетінде тексерілген “ГАЗель” автокөлігінен 9 диск табылып, оның біреуінде экстремситік сипаттағы матераилдар бар болып шықты. Көлік жүргізушісі 1981 жылы туған Ресей азаматы болса, бес жолаушысы — Қырғызстан азаматтары.
Олар бұл әдебиетті өздері қолдану үшін алып жүргендерін айтып ақталғанымен, соттың шешімімен “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодекстің 453-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бапқа сәйкес жеке тұлғаларға 100, кәсіпкерлік субъектілеріне 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қарастырылған.
2019 жылдың басынан бері облыста дін саласында 26 заң бұзушылық тіркелді.
Елімізде экстремистік деп танылған әдебиеттер тізімі Бас прокуратураның сайтында орналастырылған.