«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДІНИ КІТАП САУДАЛАҒАН

Биыл облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары діни қызмет пен діни бірлестіктер саласындағы 16 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. 11 адам жалпы сомасы 1 миллион 33 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Солардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз діни әдебиеттерді таратқан төрт петропавлдық азамат бар. Әкімшілік іс жүргізу материалдары көрсеткендей, олар “OLX” интернет-ресурсы арқылы діни кітаптарды, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратумен айналысқан. Енді олар 400 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге мәжбүр.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp