«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДІНИ КӨШБАСШЫЛАР ЖИЫНЫ

Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды.

Алқалы жиынға дінбасыларымен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдері, белгілі саяси қайраткерлер де қатысуда. Жалпы 46 елден 82 делегация келген. Съездің пленарлық отырыстары мен секцияларында «Әлем. ХХІ ғасыр манифесі» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде»,  «Құбылмалы геосаясат жағдайындағы діндер: адамзатты біріктіруге арналған жаңа мүмкіндіктер»,  «Дін және жаһандану: сын-тегеуріндер мен жауаптар», «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында» сияқты маңызды тақырыптар талқыланбақшы.     

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  алғашқы съезі 2003 жылдың қыркүйек айында өткен болатын. Содан бергі 15 жылда бұл форум конфессияаралық қатынастарға қатысты мәселелерді ашық талқылайтын беделді диалог алаңына айналды.  Толеранттылық, азаматтық келісім мен бірлікті ту еткен Қазақ елі осылайша әлем жұртшылығына діндер мен этностар арасындағы тату қарым-қатынасты қолдаудың үлгісін көрсетіп отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp