Қолдан бұқтырып жасаған жеміс, көкөніс, саңырауқұлақ бұқтырмаларының дәмі тіл үйіретіні рас. Жеміс-жидекті жинап алған соң күзге салым әр үйде оларды бұқтырады.
Алайда, өзім дәрігер болғандықтан айтайын, осындай тағамдардан уланып ауруханаға түсіп жатқандар баршылық. Уланудың басты гәбі бұқтыру кезінде қарапайым тазалық шарттарының орындалмауынан. Оны дайындағанда салдыр-салақтыққа жол беріп, сақтық шараларын ескермесе – микробтардың күш алып, тағамға улы заттарды таратуына сеп болғаныңыз. Бұқтыру үшін алынған өнімдерді таза ағын-сумен қайта-қайта шайып, тазалау қажет. Микроб түсіп, уланған бұқтырылған консервілерді пайдаланған адам ботулизм деген сырқат әсерінен уланады. Сондықтан қолдан жасалған консервілерді жегенде ол ұзақ тұрып қалмады ма, қақпағы ашылып, бұзылып кетпеді ме, міне, осыны ескерген жөн.
Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ,
терапевт-дәрігер.
Петропавл қаласы.