«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘМХАНА ИЕЛЕРІ ЖАЗАЛАНДЫ

Өңір полицейлері Петропавл қаласындағы жазғы дәмханаларда карантин талаптары сақталмайтынын анықтады. Парк көшесіндегі дәмханалардың бірінде тексеріс кезінде 30-дан астам адам болған. Әлеуметтік арақашықтық сақталмаған. Ал басқа дәмхананың иелері үстелдерді қауіпсіз қашықтықта орналастырмағаны және қызметкерлерінің дене қызуын өлшемегені үшін жауапкершілікке тартылды.

 Демалыс күндері облыс орталығындағы дүкен, дәмхана, базар сияқты 32 нысан тексеріліп, нәтижесінде толтырылған 5 материал шешім қабылдау үшін өкілетті органдарға жіберілді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp