Өңір полицейлері Петропавл қаласындағы кейбір жазғы дәмханаларда карантин талаптары сақталмайтынын анықтады. Парк көшесіндегі дәмханалардың бірінде тексеріс кезінде 30-дан көп адам болған. Әлеуметтік арақашықтық сақталмаған. Ал басқа дәмхананың иелері үстелдерді қауіпсіз қашықтықта орналастырмағаны және қызметкерлерінің дене қызуын өлшемегені үшін жауапкершілікке тартылды.
Демалыс күндері облыс орталығындағы дүкен, дәмхана, базар сияқты 32 нысан тексеріліп, нәтижесінде жаза қолдану жөніндегі 5 материал шешім қабылдау үшін өкілетті органдарға жіберілді.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.