«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘРІГЕРЛЕР ЕҢБЕГІНЕ — ЛАЙЫҚТЫ ТӨЛЕМ

Петропавлда өңірлік партиялық бақылау комиссиясының мүшелері коронавирустық инфекциямен күрескен медицина қызметкерлеріне үстемеақы мен өтемақы төлеу мәселесін қарастырды. Үстіміздегі жылдың шілде айында “COVID-19” вирусымен күрескен 2600-ге жуық медицина қызметкеріне лайықты төлем берілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Аймановтың айтуынша, үстемеақы алушылар үш тәуекел тобына бөлінген. Бірінші тәуекел тобындағы қызметкерлерге бір айлық үстемеақы мөлшері 850 мың теңгені құраса, екінші тәуекел тобы үшін үстемеақы 425 мың, үшінші топта – 212 500 теңгені құрайды.

– Үстіміздегі жылдың шілде айында 2597 медицина қызметкеріне 668,4 миллион теңгенің қаржылық қолдауы көрсетілді. Үстемеақылар осы жылдың наурыз, сәуір, мамыр және маусым айларында төленді. Жұмыс барысында 287 медициналық қызметкер ауру жұқтырды. Олардың ішінде 48 маманға арнайы өтемақы тағайындалды, – деді Нұрлан Айманов.

Бұған дейін әлеуметтік желіде пандемия кезінде кейбір медицина қызметкерлері өтемақы мен үстемеақы алмағанына шағымданған болатын. Нұрлан Аймановтың айтуынша, тиісті қаржыларын алмаған медицина қызметкерлері бойынша төлемдер “mapcovid.kz” бағдарламасындағы техникалық ақаулар түзетілген соң қайта жалғастырылады.

Ілияс СӘБДЕНОВ,

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp