«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘРІПТЕП ЖАРЫТПАДЫ

“СҚО студенттері Альянсы” жастар ұйымы Қазақстан Конституциясының 20 жылдық мерейтойына орай шара өткізді. Алайда, “Мемлекеттің үздіксіз дамуының кепілі болатын Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі мен маңызы” деген тақырыпты арқау еткен жиынның ұйымдастырылуы да, мазмұны да көңіл көншітпейді. Шақырылғандардың жартысы келмесе, қалғандары “дөңгелек үстел” басында отырғандарымен, Ата Заңымызды дәріптеп жарытпады. Ұйымдастырушылардың да, шақырылғандардың да еш дайындықсыз келгендері көрініп тұрды.

“Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әсемгүл Есқожа аталмыш шараны жүргізе отырып, қазақстандықтардың дені өздерінің конституциялық құқықтарын білмейтіндігін айтса, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Мүкарам Тайжанова азаматтар Ата Заңмен берілген құқықтарымен қатар, міндеттерін де білуі тиіс дей отыра, аталмыш шараға арнайы әзірленген буклет заңнамалық тұрғыдан үлкен қателікпен безендірілгеніне назар аударды. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тіліндегі мәтін орыс тілімен қатар келгенде не жоғары жаққа, не сол жаққа орналастырылуы тиіс. Ал аталмыш буклетте мұның барлығы керісінше істелген. Күлеміз бе, жылаймыз ба?!

Аса маңызды шараларды осылай асығыс-үсігіс, дайындықсыз өткізгеннен не ұтамыз?

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp