«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘРІС ОҚЫДЫ

Қазпошта” – халыққа пошталық және қаржылық қызмет түрлерін көрсететін, елімізде 3200-ден астам бөлімшесі бар жалғыз ұлттық пошталық байланыс операторы. Сондықтан көп функционалды қаржылық орталық қызметкерлері де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға үлес қосулары керек. Осы мақсатта мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті байланыс саласының мамандарына дәріс оқыды.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төтеп беруге бағытталған іс-шаралар жоспары, жаңа жылдан бастап енгізілетін мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі мен еңбек төлемінің балдық жүйесі, “Электронды үкіметтің” артықшылығы, тағы басқа мәселелер жөнінде түсінік берді. 

Дәріс оқушылар жемқорлық құқық бұзушылықтың қолданыстағы заңнамалық құжаты туралы түсіндіріп, жастарды «нөлдік төзімділікке» тәрбиелеудің маңыздылығы жайлы әңгімеледі.

Кездесу соңында жемқорлықты болдырмауға арналған бейнероликтер көрсетіліп, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау мақсатында құрылған интернет-ресурстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумалаңы таныстырылды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp