«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘРІС ТЫҢДАДЫ

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері үшін ашық аспан астында дәріс өтті.

“XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты” атты тақырыпта өрбіген дәрісте музейдің тарихи-ғылыми зерттеу бөлімінің жетекшісі Бауыржан Жүнісов студенттерге тарихи тұлғаның өмірі мен батырлығы жайлы әңгімеледі. Лектор қазақты бір тудың астына біріктіруді ойлаған қолбасшының ерлігіне тоқталды.
Жастар ашық аспан астында аса ірі қайраткердің өмірі мен саяси қызметі жайлы сөз қозғап, өз ойларын ортаға салды. Шарада жерімізді жаудан қорғаған батырлардың соғыс құралдары көрмеге қойылды. Айбалта, садақ, қолшоқпар пен найзаға қызығушылық танытқан студенттер он сегізінші ғасырға тән жәдігерлерді тамашалады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp