Өңірірімізге дәрі-дәрмек жеткізілуде. Медициналық ұйымдарда қазір дәрі-дәрмектің 338 түрі бар. Бүгінгі таңда сырқаттарға 480,24 миллион теңгенің дәрісі берілді.
Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, өңіріміздегі барлық емдеуші ұйымдар тарапынан 6,2 миллиард теңгені құрайтын 454 дәрі-дәрмек түріне өтініш берілген. Соның ішінде қант диабетіне шалдыққан науқастар үшін өңірге жалпы жылдық қажеттіліктің 21 пайызын құрайтын дәрі-дәрмек жөнелтілді. Аталмыш ауру бойынша сырқаттар 124 миллион теңгенің дәрі-дәрмегіне қол жеткізді.
– Петропавл қаласындағы №2 емхананың өтінімі бойынша қажетті дәрінің 90 пайызы тиелді. Қалғандары сатып алынуда. Алайда, ауа райының қолайсыздығынан өткен айларда бірқатар қиындықтар орын алды. Бірақ күн жылынған соң жұмыс қайта жанданды, – дей келе Берік Шәріп наурыз, сәуір айЛАРында берілуі тиіс дәрілердің 61 түрі қалалық емханаға жеткізілгенін атап өтті.
Сурет 24.kz/ сайтынан алынды.