«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘСТҮРЛІ ДОДА

Облыс орталығында жасөспірімдер арасында КСРО-ның спорт шебері, жерлесіміз Алексей Мартыновичті еске алуға арналған республикалық көпкүндік веложарыс басталды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

Жарыстың бас төрешісі Владимир Парахиннің айтуынша, осымен 22-ші рет өткізіліп отырған көпкүндікке Қазақстанның 8 облысынан 11 команда қатысуда. Жарыстың алғашқы күні велошабандоздар Соколов тасжолында топтық сайыста 40 шақырымды бағындырулары тиіс. Жарыс жеңімпаздарының ел құрамасына өту мүмкіндігі бар.  

Бес күн бойы өңіріміздің тасжолдарында сынға түсетін спортшылар мәре сызығын Бәйтерек ауылында кеседі.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp