«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘСТҮРЛІ ДІН — ДІҢГЕГІМІЗ

Еліміздің тыныштығына қауіп төндіріп отырған діни ағымдардың өскелең ұрпаққа теріс әсері аз емес. Олардың діни сауаттылығын арттыру және дәстүрлі емес діндердің зияны мен зардабынан сақтандырудың жолдары облыстық әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысында әңгіме арқауына айналды.

Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенованың жетекшілігімен өткен жиында алдымен Тайынша және Айыртау аудандарында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Аталмыш аудандар әкімдерінің орынбасарлары атап өткендей, жалпы ахуал тұрақты. Қазіргі таңда облысымызда 134 діни бірлестік және 170 ғибадат орындары бар екен. Олар еліміздегі түрлі этнос және дін өкілдерінің өзара түсіністікте өмір сүруіне мүдделі. Сондықтан діни мейрамдардан бөлек, ұлттық мерекелерде де дәстүрлі дін өкілдері береке-бірлікті сақтауға үндейді. Мұнымен қатар, жергілікті баспасөз беттерінде де осы тақырыпқа арқау болатын мақалалар үзбей жарияланып, мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіліп тұрады. Облыстық дін істері басқармасының жанынан құрылған ақпараттық-насихат тобына да зор жауапкершілік жүктелген. Дегенмен, рухани салада шешімін күткен түйткілді мәселелер аз емес. Әсіресе, соңғы жылдары халық игілігіне берілген көптеген мешіттердің техникалық құжаты жоқ көрінеді. Анархан Дүйсенова діни ғимараттардың құжаттарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес ретке келтіруді тапсырды.

Сонымен қатар, жиында дінтану негіздері пәнінің оқытылу барысы жайында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ткаченко баяндады.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp