«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘСТҮРЛІ ШАРА

Тілдер күні мерекесіне орай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызмет атқаратын өзге этнос өкілдері арасында “Туған тілім – тірлігімнің айғағы” атты байқау өтті.

Дәстүрлі шара мемлекеттік тілді насихаттаумен қатар, елімізде өмір сүріп жатқан өзге этнос өкілдерінің де ұлттық құндылықтарымен жақынырақ танысуға арналды. Қазақ әндерін нақышына келтіре орындаған Т. Писаренкоға, Ф. Смирновқа көрермендер де ерекше ықылас білдірді. Сахна төрінде “Түркістан”, “Атамекен” секілді патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар, байқау барысында елімізде тұратын басқа ұлыстардың дастарқан мәзірі дайындалды.

Байқау үміткерлерінің арасынан “ЕС-164/6” мекемесінің сотталғандардың тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Татьяна Писаренко, бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы, әділет сержанты Федор Смирнов және бөлім инспекторы Екатерина Колмакова озық шықты.  

Нұрсұлу КӨБЕНОВА,

облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің

аға инспекторы, әділет майоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp