Мемлекет Басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылып, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.