«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘУРЕН АБАЕВ: ҮШ ҚАЛАДАҒЫ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КОМЕНДАНТТЫҚ САҒАТ ЕМЕС

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үш қаладағы шектеу шаралары коменданттық сағат болмаса да, биліктің қауіпсіздік бойынша барлық шарасын ұстану керектігін айтып өтті.

«Вирустың ел ішінде тарауы артып бара жатыр. 28 наурыздан бастап республикалық маңызы бар үш қалада жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Үкімет жариялаған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты шектеулер – коменданттық сағат емес. Бірақ ол талаптарды қатаң сақтау керек», – деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасында онлайн режімде өткен брифингте.
Министр халықтан сақтық шараларын орындауды өтінді. «Үйде болыңыздар! Аман болайық. Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпаратты береді. Бұл жағдай – коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек», – деді министр.

https://www.inform.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp