Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов 1859-1861 жылдары Петербургте болған тұсында жемісті еңбек етіп, әдеби жұмыстармен айналысты. Қазақстан, Орта Азия және Батыс Қытай халықтарының тарихы мен мәдениеті туралы еңбектерін “Записки ИРГО” журналында жариялап, орыс билігіне елдегі жағдайды оңалту жөніндегі ұсыныстарын ашық жеткізе білді.
Шоқан Шыңғысұлы үш жылдың ішінде ескі достарымен қатар орыс интеллигенциясының көптеген елеулі А.Н.Бекетов, А.Н.Майков, С.Т.Аксаков, Н.П.Игнатьев, Н.И.Веселовский, Н.М.Ядринцев, Ф.Н.Усов және басқа да зиялы қауым өкілдерімен жаңа қарым-қатынас орнатты. Бұл туралы Г.Н.Потанин былай жазады: “…Осында келгелі бері сол мезетте Шоқан барлық ориенталист-шығыстанушылармен танысып шықты, ол Березин, Казембек, Васильевпен кездесті. Әдебиетшілер ішінде ол Достоевскиймен және Крестовскиймен жақсы араласып жүрді”.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Әбуевтің мақаласының толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.