«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕВГЕНИЙДІҢ ТӨРТІНШІ ЖЕҢІСІ

Солтүстікқазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павлов (3-0, 3КО) Ресейдің Новосібір қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті.

Бұл жолы жерлесіміз Танзания елінің өкілі – Насибу Рамадхани­мен (31-16-2, 18КО) күш сынасты. Жартылай жеңіл салмақ тұ­­жырымы бойынша өткен кез­десу сегіз раундқа жоспарланған еді. Дегенмен ол бесінші раундта аяқ­талды. 21 жастағы боксшымыз 29 жастағы тәжірибелі қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша шаршы алаң­да сәтті өнер көр­се­ткен Евгений Павлов кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Одан бөлек, бокс ке­шінде тағы екі қазақстандық был­ғары қолғап шебері өнер көрсетті. Ауыр салмақ дәрежесін­дегі Данила Семенов (3-0, 2КО) шар­шы алаңда Оңтүстік Африка боксшысы Осборн Матиманды (23-14-2 17КО) бірінші раундта нокаутқа түсірді. Ал екінші орта салмақтағы Бек Нұрмағанбет (4-0, 2КО) танзаниялық Тваха Кассиммен (17-8-1, 8КО) толық сегіз раунд бойы жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp