
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов тағайындалды.
Евгений Сергеевичті партия мүшелеріне таныстырған партияның облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов оның осыған дейінгі жұмысына жоғары баға беріп, бұл лауазымға лайық екенін айтты.
Ал бұл қызметті осыған дейін атқарған Артур Молдағұлов басқа қызметке ауысты. Құмар Іргебайұлы өз міндеттерін жақсы атқарғаны үшін оған алғыс білдірді.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.