«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Евгений — үздіктер тізімінде

Дүниежүзілік бокс кеңесі («WBC») 2020 жылдың қоры­тын­дысы бойынша үздік боксшыларды анықтау үшін дауыс жи­науды бастады. Халықаралық ұйым солтүстікқазақстандық боксшы – Евгений Павловты (3-0, 2 КО) болашағынан зор үміт күттіретін боксшылар тізіміне қосты.

Спорт порталының мәліметін­ше, жеңіл салмақта бақ сынап жүр­ген 21 жастағы спортшы «Жыл проспекті» аталымында сын­ға түседі. Сондай-ақ, бұл атаққа Бек Нұрмағанбет, Себас­тьян Фундора, Дэвид Пикассо, Элвис Родригес және Габриэль кіші-Флорес таласпақ.

Жерлесіміз кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін Беларусия­ның астанасы – Минск қаласын­да өткізіп, венгрлік Патрик Хор­ват­тан (1-1) басым түсті. Ал соң­ғы кездесуін 2020 жылдың 17 жел­тоқсанында Нұр-Сұлтан қа­ла­сында өткізді. Евгений Павлов бұл кездесуде филиппиндік Алие Лаурелді төрешелірдің шешімі­мен жеңді.

Сонымен қатар Дүниежүзілік бокс кеңесі «Жыл нокауты», «Жыл жекпе-жегі», «Жыл бапке­рі», «Жыл боксшысы» және тағы бас­қа аталымдарда үздіктерді анықтайтын болады.

Қанат АТАМАНОВ,

«Soltústik Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp