Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келли Брук арасындағы бокс кездесуін 10 қыркүйек күні сағат 23.00 -де “Қазақстан” мен “Kazsport” телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.
Лондонда орналасқан Еуропаның ең үлкен ареналарының бірі – 20 мың адамдық “О2” спорт кешенінде орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық Келли Брукпен жұдырық түйістірмек. 34 жастағы Головкин үшін бұл 36-шы белдесу және боксерлік шаршы алаңына 17-ші рет чемпион есебінде шығуы. Одан бұрынғы 35 жекпе-жегінің барлығында ол жеңіске жеткен (оның ішінде 32-сі нокаут). Ал оның қарсыласы 30 жастағы Брук те еш жеңілмеген, 36 жұдырықтасуды таза жеңіспен аяқтаған (оның ішінде 25-і нокаут).
Геннадий Головкин 4 қыркүйек күні кездесуге даярлану үшін Лондон қаласына келді.
“Қызылжар-Ақпарат”.