«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКПЕДЕН ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

“Ұлым 5 жаста, бірнеше тағам түрлеріне аллергиясы бар. Менің білейін дегенім, аллергияға шалдыққан балаға екпе қоюға бола ма, ауруы одан бетер асқынып кетпейді ме?”.

Ұлжан БАСПАЕВА,

Петропавл қаласының тұрғыны.

Оқырман сауалына облыстық аурухананың аллерголог дәрігері Рүстем Әжібаев жауап береді:

– Жұқпалы ауру­лардың алдын алу мен олар­ды асқындырмаудың ең тиімді жолы екпе егу болып табылады. Бала туа салысымен оған екпе жасауға болады, бұл тәжірибе жүзінде дәлелденген. Оның үстіне, вакциналар иммундық жүйенің жасушалық буынын ынталандырушы болып табылады.

Аллергияға (вакцинаның құрамындағы бөлшектерді есептемегенде), тыныс демікпесі, экзема, дәнекер тіннің жүйелік аурулары, дамуындағы туабіткен ақаулар, қояншық, жаңа туылған балалардың гемолитикалық аурулары, отбасындағы вакциналаудан кейінгі асқынулар, тұрақты неврологиялық көңіл-күй, дисактериоз, иммуносупрессивті терапия, тағы да басқа сырқаттарға шалдыққандарға екпенің кері әсері жоқ. Сондай-ақ, вакцина аллергия ауруларын тудырмайды. Ауру асқынған жағдайларда, мәселен, демікпе ұстамасы кезінде екпе жасау кейінге қалдырылады, бірақ бір-екі айдан кейін балаға екпе жасай беруге болады. Ал төтенше жағдайларда, мысалы, терең жараға кір түсіп, тез арада сіреспе ауруынан екпе жасау қажет болғанда немесе ит тістеп алып, дереу құтыруға қарсы вакцина жасау керек болғанда, тіпті, асқынған жағдайларда да екпе жасалады. Аутоиммундық патологиясы бар балаларға ремиссияға шыққаннан кейін екпе жасалады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp