«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКПЕ САЛДЫРМАҒАН АТА-АНАҒА ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАРАСТЫРЫЛА МА?

Баласына екпе салдырмайтын ата-аналар саны артып барады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. 

«Бұл өте маңызды мәселе, көп жылдан бері талқылап келе жатырмыз. Қазіргі уақытта кодекстің жаңа жобасына осындай ұсыныс енгізіп отырмыз. Әрине, бұл мәселе тек осы нормамен шешілмейді. Өкінішке қарай, екпеден бас тартқан ата-аналардың саны көбейіп бара жатыр. Шындығын айту керек, қазіргі уақытта халықтың денсаулығына, экологияға байланысты медициналық қарсы көрсетілім саны артып келеді. Оған түрлі аллергиялар себеп. Ол балаларды да ойлаумыз керек. Неврологиялық науқас балаларға да екпе салынбайды», – деді Елжан Біртанов. Оның дерегінше, қызылшамен ең көп ауырған балалардың, сондай-ақ қаза тапқан балалардың көпшілігі екпе салдырмаған. «Біріншіден, ата-аналар балаларының денсаулығын ойлауы тиіс. Екіншіден, басқа да балалардың, азаматтардың денсаулығы үшін (екпе салдырмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымға жіберуден) бас тартуымыз қажет», – деді ол. Министрдің айтуынша, жаңа кодексте баласына екпе салдырмаған ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған.

https://www.inform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp