«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІНШІ МӘРТЕ ТОП ЖАРДЫ

“Астана” континенталдық велокомандасының мүшесі, солтүстікқазақстандық Алексей Луценко қатарынан екінші рет “Тур Алматы” халықаралық веложарысында жеңіске жетті.

Әсем Алатаудың баурайында орналасқан 186 шақырымдық жарыс жолында суырылып алға шыққан Луценко бұл жолы да қарсыластарына дес бермеді. Сайыс барысында Луценкоға командадағы әріптестері Андрей Зейц пен Фабио Ару көмектескен. Мәреге 23 шақырым қалғанда аталмыш спортшылар Луценконы алға шығарып, өздері негізгі топты бақылап отырған.

Сөйтіп, Луценко мәреге негізгі топтан 1 минут 40 секунд бұрын жетті.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp