«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІНШІ ОРЫНДА

Шайбалы хоккейден өтіп жатқан ашық ел біріншілігі аясында петропавлдық “Құлагер” сырт алаңда “Горняк” командасымен кездесті.

Қос команда хоккейшілерінің бірінші кездесуінде жерлестеріміздің жолы болды. Екінші кезеңде алаң иелері ойынның есебін ашқанымен, жерлестеріміз – Алексей Грищенко мен Евгений Пашков жауапсыз екі шайба салды. Есеп 2:1.

Екінші күнгі қарымта кездесу рудныйлықтар үшін сәтті өтті. Бұл ойында жерлестеріміздің арасында Денис Стасюк мергендік танытты. Дегенмен, тартысты ойын қарсылас команданың жеңісімен аяқталды. Есеп 1:2.

Әзірге 36 ұпайы бар “Құлагер” хоккей командасы ел бірінішілігінің турнир кестесінде екінші орында келеді. Ал 40 ұпайы бар “Арлан” көш бастап тұр.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp