
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметтері бойынша, Ақмола облысы жақтан жеткен тасқыннан Сергеев су қоймасында судың деңгейі екінші қайта көтеріліп, бөгеттен 121 сантимер асты. «Челябі-Новосібір» бағытындағы жолдың Заречный кенті тұсындағы учаскесін су басып кетті. Осыған байланысты автокөлік қозғалысына шектеу қойылып, тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде. Петропавл маңындағы үш бағбандар қоғамына қарасты 100-ден астам саяжай суда қалды. Есіл бойындағы елді мекендерде тасқын жағдайын тұрақты бақылап отыратын бекеттері жұмыс істеуде.