Тимирязев ауданының орталығы Тимирязево ауылында 1973 жылы дүниеге келген әйел мен оның 2009 жылы туған қызы жеке тұрғын үйде газдан уланды. Оқыс оқиға түтін шығатын мұржаның тазаланбауы салдарынан орын алды.
Қазіргі уақытта зардап шеккен адамдардың жағдайы қалыпты. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Жыл басынан бері облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері өңірдегі елді мекендерде 72810 адам тұратын 72000 ауланы аралап, келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Сурет https://24.kz/ сайтынан алынды.