Тимирязев ауданында eлді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта ел бюджетінен 33,2 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында Дмитриевка және Дружба ауылдық округтеріне құбыр тарту жұмысы басталған болатын. Жуырда қос елді мекенде ауызсу жүйесі пайдалануға берілді.
Бұл ауылдардың тұрғындары бұған дейін қолмен қазылған құдықтардың суын ішіп келген болатын. Енді, міне, су құбырларын үйлердің ішіне дейін тарту мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта Тимирязево ауылы мен Целинное ауылдық округінде құбырларды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығындағы Бауыржан Момышұлы және Юбилейная, Новая, Дорожная, Тимирязев және Горький көшелерінде қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.
Татьяна ДОМАЩЕНКО,
Тимирязев аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.